EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдердің саны жоспарланғаннан асып жығылды – СІМ

112 ел мен 18 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады, деді Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы27 Желтоксан , 16:11

«Алдын ала тіркелген мәліметтер бойынша  көрмеге 100 ел  мен 10 халықаралық ұйым  қатысатын болған. Қорытындысында ЭКСПО-2017  көрмесіне 112 ел мен 18 халықаралық  ұйым қатысатын болды. 108 ұлттық секцияның комиссары тағайындалды», - деді Е.Ыдырысов.

Министр айтып өткендей, ведомство ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде  шетелдік мемлекеттердің қатысуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.

«Халықаралық  қатысушыларды тарту – өте күрделі үрдіс. Әрбір қазақстандық елшілікте  ЭКСПО көрмесі үшін жауапті бір тұлға сайланды. Тұрақты түрде  Қазақстанда аккредиттелген шетелдік елшілермен келіссөздер өткізіліп келеді», - деді Е.Ыдырысов.

Сондай-ақ, министр айтқандай, көрме аясында ірі халықаралық шараларды өткізуге дайындық жүргізілуде. 




Яндекс.Метрика