Халықаралық интеграция

ҚР СІМ елдің халықаралық қызметінің қағидаттарын нығайтуды жалғастырады

ҚР СІМ елдің халықаралық қызметінің қағидаттарын нығайтуды жалғастырады, деді ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы27 Желтоксан , 18:53

ҚР Сыртқы істер министрлігінің негізгі басымдықтары «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт жоспарының экономикалық тәртібін тиімді ілгерілетуге бағытталған.

Министр 2017 жылы шетелдік мекемелер, министрліктер, ведомстволар, облыстық әкімшіліктер, ұлттық және отандық компаниялар арасында елге шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мен үйлестірілген жұмысты күшейту бойынша қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.

«Министрліктер мен шетелдік мекемелердің жұмысында шетелдік мемлекеттердің іскерлік топтарымен байланысты кеңейтуге баса назар аударылады. СІМ жұмысындағы тағы бір басымдық «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту және ілгерілету болып табылады», - деді министр.

Оның айтуы бойынша, «Орталық Азиядағы қаржылық хаб ретінде АХҚО ілгерілету жоспары» әзірленген. Ол ел ішіндегі және одан тыс ақпараттық-имидждік іс-шаралар кешенін, сондай-ақ АХҚО-ның ТМД, Таяу Шығыс, Еуропа, АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қаржылық және іскерлік топтарымен келіссөздер жүргізуін қамтиды.

Сондай-ақ, министр келесі жылы ҚР сыртқы саясатының 2014-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасатынын атап өтті.

Е. Ыдырысовтың айтуы бойынша, ірі әріптестермен және көрші елдермен өзара пайдалы ынтымақтастықты дамыту бағыты жалғасады. Осыған орай, Орталық Азия мемлекеттері мен сыртқы әріптестердің мүдделерін ескере отырып, өңірлік «бестік» позицияларын жақындатудың өзара қолайлы жолдарын іздеуді жалғастыру қажет.

«Біз еліміздің халықаралық қызметінің қағидаттарын одан әрі дамыту мен нығайтуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, Сыртқы істер министрлігі Мемлекет басшысы қойған сыртқы саяси міндеттерді іске асыру үшін барынша күш салады», - деп атап өтті министр.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика