Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қарағанды облысында 2016 жылдың 3 тоқсанында шағын кәсіпорындардың кірісі 222,1 млрд теңгені құрады

Қарағанды облысында 2016 жылдың 3 тоқсанында шағын кәсіпорындардың кірісі 222,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Қарағанды27 Желтоксан , 20:43

2016 жылғы III тоқсанда орта есеппен алғанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын облыстың шағын кәсіпорын қызметкерлерінің тізімдік саны 75513 адамды құрады. Жұмыспен қамтылғандар санының ең көбі көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында шоғырланған – 25,8%, өнеркәсіпте – 20,1%, құрылыста – 15,5%.

2016 жылғы III тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 81641 теңгені құрады.

Ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу қызметкерлерінде анықталды – 164714 теңге, төмен - әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар қызметкерлерінде құралды – 48148 теңге.

«2016 жылғы III тоқсанда өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемі қолданыстағы бағамен 112,3 млрд. теңгені құрады. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінде өнеркәсіп кәсіпорындарының ең үлкен үлес салмағы 34,4%-ды құрады, құрылыста – 23,1%-ы, көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде - 18,1%», - делінген хабарламада.

2016 жылғы III тоқсанда өнім өткізу мен қызмет көрсетуден түскен кіріс қолданыстағы бағамен 222,1 млрд.теңгені құрады. Өнім өткізуден және қызмет көрсетуден түскен кірістің ең көп үлесі көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу кәсіпорындарымен алынды – 41,6%.

2016 жылғы III тоқсанда шағын кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижесі 20,9 млрд.теңге. Ең көп пайда көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу кәсіпорындарында алынған – 6,6 млрд. теңге.

Шағын кәсіпорындардың өнім өндіру және өткізу бойынша шығыстары 113,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде материалдық шығындардың үлес салмағы - 44%, қызметкерлердің жалақы қоры – 15,2%, өтелім – 3,9%, өзге де шығындар (шығысқа жатқызылатын салықтар мен басқа да төленетін міндетті төлемдер, қызметтік іссапар кезіндегі тәуліктік ақы, банк қарызы бойынша сыйақылар) – 36,9%.

Шағын кәсіпорындардың қорлары 2016 жылғы 1 қазанға 183 млрд. теңге сомасында құралды, оның ішінде тауарлар үлесі 57,7%-ды құрады, шикізат пен материалдар - 21,2%, аяқталмаған өндіріс – 8,4%, дайын өнімдер – 5,7%, қайта сатуға арналған мүлік – 2,4%, өзге де қорлар – 4,6%.

 




Яндекс.Метрика