ЭКСПО көрмесінің маңызды іс-шараларының бірі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технологиялар жөніндегі алғашқы саммиті болмақ.
«Біз бұл тек біздің еліміздің дипломатиясының ғана емес, сонымен қатар барлық ислам әлемінің ірі жетістігі деп санаймыз. ИЫҰ жұмыс істеу уақыты ішінде жаңғыртудың осы өте маңызды саласында саммит өткізу мүмкіндігі болмады, сондықтан Мемлекет басшысының бастамасы бойынша біз іс-шараны өткізу жөнінде бәтуаластыққа келеміз», - деп ақпараттандырды министр.
Министрдің айтуы бойынша, ИЫҰ саммиті ЭКСПО көрмесі аяқталатын кезде қыркүйек айына жоспарланған.
«Біз 55-тен астам ел басшыларының қатысуын күтеміз, басты тақырып ислам әлемін жаңғырту болып табылады», - деп қосты ведомство басшысы.
Е. Ыдырысов атап өткендей, Ұйым мемлекеттерін жаңғырту тұрғысында ілгері дамыту үшін жаңа резервтер іздеу қажет.
Ботагөз Айтжанова