Үкімет

Премьер-Министр өңір әкімдеріне мереке күндері жылу беру мәселесін бақылауға алуды тапсырды

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өңір әкімдерін қазақстандықтарға жылу таратуды, әсіресе демалыс күндері бақылауға алуды тапсырды.
Астана қаласы 27 Желтоксан, 11:53

«Құрметті, әкімдер, естеріңізге сала кетейін, жылу беру маусымының тұрақты өтуіне  жеке жауаптысыздар. Біз осы мәселені үнемі көтереміз. Баяндамаларыңызды тындаймыз, алайда жылу беру жүйелерінде апаттар болып тұратыны анық.  Барлығын бақылауда ұстаған жөн.  Мереке күндері бұл жағдайды тұрақты етуге тырысайық», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Ол Энергетика министрлігіне  ЖЭО-дағы жанармай қорын, қазандық және жанармай бекеттеріндегі жағдайды, Сыртқы істер министрлігіне  қызметті күшейтуге тапсырды. Б.Сағынтаев жаңа жылдық шаралардың өтетін орнын қадағалап, өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қадағалау керектігін айтты.

«Облыс әкімдері мен Астана, Алматы әкімдерінің әкімдері  ІІМ-мен бірігіп, жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты шараларды қабылдауға дайын болуы керек.  Барлық меморгандарда қажет  жағдайда  тиімді әрі нақты жұмысты ұйымдастыратын  жедел кезекші  болуы керек», - деді Премьер-Министр.

Үкімет отырысын аяқтай отырып, Б.Сағынтаев жыл қорытындысы қаңтардың басында жарияланатындығын айтты. 





Яндекс.Метрика