Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан мен Ресей екі бағыт бойынша әуерейстерін ашты

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атына Жуковский – Астана және Жуковский - Алматы бағыттары бойынша ресейлік «Уральские Авиалинии» әуекомпаниясының тағайындалғаны туралы РФ СІМ-нен Нота қабылданды, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
Казахстан27 Желтоксан , 13:48

Биылғы жылдың 26 желтоқсан күні Министрлік Жуковский – Астана және Жуковский  - Алматы бағыты бойынша ресейлік «Уральские Авиалинии» әуекомпаниясының тағайындалғанын қабылдау туралы Ресейдің авиациялық билігін хабардар етіп, хат жолдады.

Қазақстан мен Ресейдің авиациялық билігі арасындағы келісім негізінде жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша тағайындалған екі әуетасымалдаушы аптасына 7 рейс орындауы мүмкін.

 




Яндекс.Метрика