Өңірлер

ШҚО-да бірегей сауын цехі ашылды (ФОТО)

Шығыс Қазақстанның Шемоноиха ауданында 620 басқа арналған жаңа тауарлы сүт фермасы ашылды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 27 Желтоксан, 12:57

«Алты айдың ішінде бұл жүрде бірегей өнеркәсіп құруға мүмкіндік туды: бір сағаттың ішінде заманауи қондырғының жұмысы арқылы  150 сауынды өткізуге болады. Тауарлы сүт фермасы  «Қамыш» ауыл шаруашылығы негізінде жұмыс істей бастады. Оның құрамында  3700 мүйізді жануар бар, оның  1100-ы сауын сиыр», - делінген хабарламада.

Облыстың ауыл шаруашылығы нарығына 38 тонна сүт жеткізіледі. Жаңа ферманың қуаттылығы ұлғаятын болады. Жобаның құрылысы өзіндік қаржыға жүргізілді, оған 181 млн теңге қаржы жұмсалды.

Айта кетерлігі, бұл алға  қойылған соңғы жоспар емес. Болашақта  340 басқа арналған ТСФ құру жоспарланған. 





Яндекс.Метрика