Үкімет

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 322,2 мың тонна ЖЖМ тиелді – Энергетика министрлігі

Арзандатылған ЖЖМ-ны ауыл жұмыскерлеріне жеткізу толық көлемде орындалды. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Астана қаласы27 Желтоксан , 11:32

«Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 322,2 мың тонна ЖЖМ, күзгі  дала жұмыстыратын  364,5 мың тонна  ЖЖМ тиеледі», - деді Энергетика министрлігінің басшысы.

Спикер атап өткендей,  биылғы жылдың  26 желтоқсанындағы жағдай бойынша  мұнай базаларындағы  Аи-92/93 жанармайының қоры  112,2 мың тоннаны,  дизельдік отын 170 мың тоннаны құрап отыр.

«Жалпы мұнай нарықтарындағы жағдай тұрақты.  ЖЖМ тапшылығы байқалмайды.  2017 жылдың  бірінші жартысында мұнай газының арзандатылған бағасы бекітілді, ішкі нарықтағы орташа баға 1 тоннаға  28 мың теңгені құрап отыр», - деді Қ.Бозымбаев. 




Яндекс.Метрика