Үкімет

Қазақстанда өнімдердің 6 тобы бойынша баға динамикасы байқалады – ҚР ҰЭМ

33 әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының ішінде бағаның көтерілуіне ұшырағандары: шай, жарма, тауық жұмыртқасы, бидай наны, тауық еті, құмшекер. Бұл жөнінде Үкімет отырысының барысында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев хабарлады.
Астана қаласы 27 Желтоксан, 10:48

«20 желтоқсанда біз бағаның көтерілуіне қандай тауарлардың ең көп ұшырайтынын талдадық. 33 әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының ішінде бағаның көтерілуіне ұшырағандары: шай, жарма, тауық жұмыртқасы, бидай наны, тауық еті, құмшекер», - деп хабарлады Қуандық Бишімбаев.

Министрдің айтуы бойынша, жергілікті атқарушы органдар өздерінің тұрақты қорларының жұмысын жандандырып, тиісті интервенциялар жүргізіп жатыр.

«Жергілікті атқарушы органдар қазір, Бақытжан Әбдірұлы, сіздің тапсырмаңыздың аясында осы мәселені бақылауға алып, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеуі қажет», - деп қосты Қ. Бишімбаев.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР ҰЭМ қыркүйектен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін табиғи монополиялардың қызметтеріне тарифтерді көтеру туралы өтінімдерді қарастырмайтынын мәлімдеді. 





Яндекс.Метрика