«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: Ақтөбе облысында жыл соңына дейін 580 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек

Ақтөбе облысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 580 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Ақтөбе27 Желтоксан , 11:09

Ақтөбе облысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы белсенді іске асырылуда, оның арқасында жыл соңына дейін 580 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ақтөбеде 5 мың отбасы қоныс тойын тойлайды.

25 жыл ішінде облыста 127 медициналық мекеме және 113 мектеп салынған, 487 мектепке дейінгі мекеме ашылған, халықтың 90 пайызы таза сумен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні облыстық орталықтың 10 мектебінде үш ауысымды оқуды жою үшін, ағымдағы жылы 4 мектептің құрылысы басталған, тағы 6 мектептің құрылысын 2017 жылы бастау жоспарланып отыр.

Осы ретте, әкімдікте атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылға қарай мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтуға қол жеткізу жоспарланып отыр, қазіргі уақытта Ақтөбеде балабақшаларға кезекте 30 мыңнан астам бала тұр. Балаларға арналған жаңа мектепке дейінгі ұйымдардың өсіп келе жатқан қажеттігін қанағаттандыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері белсенді түрде қолданылуда. МЖӘ медицина саласында да белсенді дамып келеді, республикада алғаш рет оның негізінде Ақтөбеде заманауи жедел медициналық жәрдем станциясының құрылысы басталды. Сондай-ақ жастарды пайдалы, дамып келе жатқан демалыспен қамтамасыз ететін ірі мәдени-демалыс және спорттық нысандар салынуда. 




Яндекс.Метрика