Инвестициялар

ҚТЖ Қазақстандағы локомотив шығару зауытын дамыту мақсатында американдық инвесторды тартты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «General Electric Transportation» арасында «Локомотив құрастыру зауыты» 50% акциясын «GE» компаниясы иемденуі жөніндегі келісім жасалды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Желтоксан , 14:32

Тиісті мәмілелер аяқталған соң, «ҚТЖ» ҰК» АҚ локомотив құрастыру зауытындағы «General Electric Transportation» үлесі «Трансмашхолдинг» ЖАҚ үлесімен тең деңгейде  болады.

Көлік машинасын жасау саласындағы әлемдік жетекші «General Electric Transportation»  компаниясы  арасындағы серіктестік  жаңа кәсіпорынның соңғы үлгідегі технологияға орай өнімдер шығаруына тікелей инвестиция тартуға қауқарлы.

«General Electric Transportation» компаниясымен біз ондаған жылдардан бері табысы серіктесіп келеміз. Осы уақыт аралығында соңғы үлгідегі «Evolution» сериясындағы 300-ден астам локомотив шығарылып, ол өз елімізде ғана емес, таяу шетелдерде де пайдаланылуда. Стратегиялық инвестормен аталмыш келісім Мемлекет Басшысының «100 нақты қадам» Ұлттық жобасы аясындағы жекешелендіру бағдарламасы мен темір жол саласы инфрақұрылымын жаңғырту, көлік машинасын жасауды дамытуға арналған»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев.

«Біздің зауыт үшін бұл қадам – кәсіпорынды әрі қарай дамыту, өндірістік көрсеткіштерді барынша жақсарту, тапсырыстың болатындығына кепілдік береді»,-дейді «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ вице-президенті  Виктор Перминов.

Бүгінге дейін «Локомотив құрастыру зауыты»  АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ тепловозға сұранысын толық қанағаттандырды. Барлығы 302 жүк және жолаушылар тасымалдайтын ТЭЗЗА және ТЭПЗЗ А тепловоздарын шығарды. Оның 20-сы  Тәжікстан, Әзербайжан, Түркменстан, Украина, Қырғызстан елдеріне экспортқа жіберілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бейінді емес активін жүзеге асыру халықаралық «Ernst & Young» консалтингілік компаниясының қатысуымен жүзеге асырылды.  

 

 




Яндекс.Метрика