Ұлттың денсаулығы

Қызылорда облысында туберкулезге шалдығу көрсеткіші 6,7 пайызға төмендеді

Жүргізілген қарқынды жұмыстарға байланысты облыста туберкулез ауруының деңгейі. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімдігі хабарлады.
Қызылорда27 Желтоксан , 10:19

Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 2015 жылдың 10 айымен салыстырғанда 6,7%-ға,  (2015 жылы – 62,3,  2016 жылы – 58,1, мақсатты  индикатор -70,6,  ҚР -54,2), өлім-жітім көрсеткіші 16,7%-ға (2015-3,6; 2016-3,0; мақсатты  индикатор – 4,0; ҚР – 3,2) төмендеді.

Алғаш рет анықталған сезгіш туберкулезбен ауыратындарды емдеп шығару көрсеткіші 86,7%-ды (ДДҰ бойынша 85% төмен болмау керек, нысаналы көрсеткіш 85%, ҚР 87,0) құрады. Туберкулез ошағындағы барлық балалар уақытылы тексеріліп, диспансерлік есепке алынған.

Ем нәтижесіне туберкулезге шалдыққан науқастардың әлеуметтік жағдайының ықпалы зор. Қазіргі таңда облыста еліміз бойынша амбулаториялық деңгейде ем алатын  науқастарға   ең жоғары  әлеуметтік көмек беріледі. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 133,1 млн. теңге қаржы бөлінді.




Яндекс.Метрика