Евразиялық одақ

ЕАЭО Қазақстан үшін әуе кемелерін алып кетуге тарифтік жеңілдіктердің мерзімі ұзартылды

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі А. Рау қатысты, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
Әлемде27 Желтоксан , 09:13

Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің үйлестірілген көлік саясатын (келісілген) іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерінің жобасы (ЕАЭО, ҮКСНБК) мақұлданды.

Айта кету керек, ҮКСНБК келісілген жобасы 2016 жылдың 26 желтоқсанында Санкт-Петерборда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңесінің отырысы аясында ЕАЭО мемлекеттер басшыларының талқылауына ұсынылады.

Бұдан басқа, отырыста өнеркәсіптік ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, ЕАЭО аясында Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру нәтижелерін жыл сайынғы талдау және мониторингтеу туралы ережесі және Өнеркәсіптік кооперациялау және субконтрактациялау еуразиялық желісін құру тұжырымдамасы бекітілді.

Сонымен қатар, қазақстандық тарап үшін («ӨТМК» АҚ) ваннадий-алюминилік лигатураға және әуе кемелерін алып келуге тарифтік жеңілдіктердің мерзімі ұзартылды.

 




Яндекс.Метрика