EXPO-2017

Вьетнам ЭКСПО-2017 көрмесінде павильонын дайындауға кірісті (ФОТО)

Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Вьетнамның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Доан Тхи Суан Хиенмен және Вьетнамның Ұлттық секциясының Комиссары Нгуен Чунг Кханьмен кездесті.
Астана қаласы 26 Желтоксан, 20:21

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-да кездесу барысында тараптардың ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін талқылағаны хабарланды. Ахметжан Есімов вьетнамдық тарапты көрмеге дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыспен таныстырды. Сонымен қатар, ұлттық компания басқармасының төрағасы қазіргі уақытта 8 мемлекеттің өкіліне павильондардың тапсырылғанын айтты. Сондай-ақ ол Вьетнам Ұлттық секциясының Павильоны тапсыруға дайын екенін және осы павильонның қызметкерлері үшін пәтерлерді алуға болатынын да атап өтті. 

«Біз вьетнамдық тарапқа ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу бойынша көмек көрсетуге дайынбыз. 29 тамыз күні Вьетнам Республикасының Ұлттық күнін өткізу бойынша салтанатты іс-шараны өткізуге бірігіп дайындаламыз. Бұдан бөлек, 9 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді, оған ҚХР, Ресей, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты тағы басқа елдердің басшылары қатысады», -  деді Ахметжан Есімов.

Вьетнам Ұлттық секциясының Комиссары Нгуен Чунг Кхань соңғы жылдары Қазақстанда көп өзгерістердің орын алғанын атап өтті.

«2017 жылы біздің елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға 25 жыл толады. Сондықтан біз ЭКСПО-2017 көрмесінде бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге ниет білдіреміз. Осы кезеңде біз Вьетнам павильонын толтыруға белсенді дайындалудамыз», - деді ол.

Тараптар павильонға дайындықтың техникалық мәселелерін талқылады. 





Яндекс.Метрика