Халықаралық интеграция

ҚР және РФ 2050 жылға дейін «Байқоңыр» кешенінде келешектегі ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойды

Санкт-Петербургте (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин «Байқоңыр» кешенінде келешектегі ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойды.
Әлемде26 Желтоксан , 19:12

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлағандай, Тұжырымдама Қазақстан мен Ресей президенттерінің «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастықтың перспективаларын пысықтау туралы уағдаластықтарына сәйкес әзірленді және 2050 жылға дейін есептелінген.

Тұжырымдама жалға алу қатынастарын жалғастыру аясында Тараптардың бірлесіп Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының инфрақұрылымын дамыту (жетілдіру), инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғын үй салу, туризмді дамыту, шаруашылық қатынастардың жаңа нысандарын сіндіру туралы уағдаластығын бекітеді. Бірақ бастысы – бұл ғарыш айлағының қолданыстағы инфрақұрылымының негізінде жаңа бірлескен ғарыштық жобаларды және ең алдымен «Бәйтерек» жобасын іске асыру.

Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде ұзақ мерзімге арналған Байқоңыр қаласының дамуының бірлескен бағдарламасын құрастыру болжалуда.

Сонымен қатар, бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен ғарыш саласындағы «Роскосмос» Мемлекеттік корпорациясының бас директоры Игорь Комаров 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.            

Хаттама, Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдар тізіміне Қазақстан Республикасының қосымша 10 мемлекеттік органның бөлімшелерін қосуды қарастырады.

Хаттамаға қол қою Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірқатар мемлекеттік функцияларын орындауды қамтамасыз ету, сонымен қатар қазақстандық стандарт бойынша мемлекеттік қызмет алуға азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет. 




Яндекс.Метрика