Білім беру

3 жыл ішінде 16 мың қазақстандық білім беру депозиттерін ашқан

16 мың қазақстандық Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) бойынша 3 жыл ішінде 7,8 млрд теңге сомасына білім беру депозиттерін ашқан, деп хабарлады ҚР БҒМ.
Казахстан26 Желтоксан , 18:49

Статистика көрсетіп отырғандай, МБЖЖ жүйесіне сенім өсіп келеді. Мемлекеттік бағдарлама іске қосылғаннан бері үш жыл ішінде 16000 салым салушы 7,8 млрд теңге сомасына білім беру депозиттерін ашқан.

МБЖЖ – жаңа қаржы құралы, оның арқасында ҚР әрбір азаматының қатысушы банкте білім беру жинақтау депозитін ашу және өз мүмкіндіктеріне қарай кәсіптік-техникалық/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға жинақтау мүмкіндігі бар.

ҚР Білім және ғылым министрлігінде мұндай депозиттің артықшылығы банктік сыйақы және мемлекеттік сыйлықақы есебінен 19-21% мөлшерінде кіріс алу болып табылатыны атап өтілді. 




Яндекс.Метрика