Адами капитал

Шымкентте жаңа ХҚКО іске қосылды (ФОТО)

Шымкентте халыққа қызмет көрсететін бірнеше орталықтардың ашылу салтанаты өтті.
Южно-Казахстанская область 26 Желтоксан, 20:43

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік  қоғамының баспасөз қызметі хабарлағандай, енді автоәуесқойлар өз автокөліктерін қайта тіркеуден өткізіп, жүргізуші куәліктерін Сайрам аудандық мамандандырылған ХҚКО секторында және автокөлік иелеріне арналған мамандандырылған ХҚКО-да алуларына, ал мемлекеттік қызметтерді Леңгір қаласындағы Төлеби ауданындағы ХҚКО-да және Оңтүстік шағын ауданындағы (бұрынғы Чапаев) халыққа қызмет көрсету орталығынан алуларына болады.

Ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Абдрахимов, ОҚО бойынша ішкі істер департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Данияр Еренчинов қатысты.

Шымкент қаласының тұрғындарына мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметтері қолжетімді болды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Серік Ауғанбаевтың  айтуынша, мамандандырылған ХҚКО-дағы теориялық және тәжірибелік емтихандарды тапсыру процестерін автоматтандыру адами факторларды толықтай жойып, оны барынша айқын етуге мүмкіндік береді, оның үстіне мамандандырылған ХҚКО-лар азаматтардың уақытын үнемдеуге өте қолайлы. Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың шілде айынанавтокөлікті электрондық кезек талонын алған сәттен бастап бір сағат ішінде тіркеуге болады, ал жүргізуші куәлігін алуға теориялық және тәжірибелік емтиханды тапсыру уақытын қоса алғанда орта есеппен 2 сағаттай уақыт кетеді.

Жаңа мамандандырылған ХҚКО «Достық» шағын ауданында орналасқан. А, А1, В, В1, С, С1, D, D1 категориялары үшін тәжірибелік емтиханды тапсыруға 3 жеңіл автокөлік, жүк көлігі, 2 автобус және 2 мотоцикл бөлінген. Сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО ғимаратында жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден өтуге болады. Ал Сайрам ауданының Қарасу ауылы, Рахимов көшесі, 1079 мекенжайында орналасқан мамандандырылғанХҚКО секторында автоәуесқойлар өз көліктерін тек қайта тіркеулеріне болады.

Төлеби ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы Леңгір қаласы, Қапал батыр көшесі, 20 мекенжайында орналасқан және 600 ш.м. жуық жерді алып жатыр. «Бұл республика бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында ашылған алғашқы ХҚКО, яғни бюджеттік қаражатқа емес, жеке кәсіпкердің қаражатына салынған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жалға төленетін қаражатты қарастырмайды, бұл дегеніңіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тек коммуналдық төлемдерді жүзеге асыратын болады», - деді Ауғанбаев.

Еңбекші ауданында екінші ХҚКО ашу қажеттілігі Солтүстік шағын ауданындағы  ХҚКО-ға түскен үлкен салмаққа байланысты пайда болды, себебі аудан тұрғындарының саны 255 мың адамды құрайды. Серік Ауғанбевтың айтуынша, Шымкент қаласында  ХҚКО-ның  8-бөлімінің ашылуы қала әкімінің ықпал етуінен мүмкін болды. Жаңа ХҚКО Оңтүстік шағын ауданы, Қапал батыр көшесі, 4-үй мекенжайында орналасқан.





Яндекс.Метрика