Өңірлер

2017 жылдың көктемгі егіс жұмыстарына 60 млрд теңге бөлінді – АШМ

2017 жылдың көктемгі егіс жұмыстарына 60 млрд теңге бөлінді, деді ОКҚ брифингінде. ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры А. Қажыбекова.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 14:56

«Өсімдік өсіру өнімдерін тиімді дамыту мақсатында өнімді қайта өңдеу және өткізу инфрақұрылымына байланыстыра отырып өндірістерді өңірлік мамандандыру қамтамасыз етілетін болады. Бұл мақсатта өнімді сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және өткізу инфрақұрылымын салу, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану, сондай-ақ жоғары репродукциялы тұқым өндіру және пайдалану қолға алынатын болады, соның арқасында мол астық және сапалы өнім алуға мүмкіндік туады», - деді А.Қажыбекова.

Гектар бойынша субсидиялаудан қайта өңдеуге берілген өнімді субсидиялауға өту өсімдік өсіру саласындағы басты өзгеріс болады. Қайта өңделетін майлы дақыл мен қант қызылшасын субсидиялау қайта өңдейтін кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Егіс алаңдарын әртараптандыру жалғастырылатын болады. Бидай алаңдары қысқартылады. Бос алаңдарға жем-шөп, майлы,  т.б. дақылдар егіледі.

Көктемгі егіс жұмыстарына арналған кредит дәнді  дақылдардан басқа,  картоп, көкөнiс-бақша, майлы және т.б.  дақылдарды егуге беріледі. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қаржы ұйымдары арқылы берілетін кредиттер бойынша тиімді пайыздық мөлшерлемені белгілеу жоспарлануда. Мәселен, келесі жылдан бастап көктемгі-далалық жұмыстарға арналған кредит соңғы тұтынушы үшін 3 %-дық жылдық мөлшерлемемен беріледі    (2016 жылғы 7,4%-дың орнына).

Айта кететін жайт, жаңа бағдарлама бүгінге дейін бекітілген бюджет шеңберінде жүзеге асырылады. Яғни мемлекеттен қосымша қаржы талап етпейді.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика