Адами капитал

40-тан астам туроператор «Туристік Қамкор» қорының қатысушысы атанды

40-тан астам туроператор «Туристік Қамкор» қорының қатысушысы атанды, деді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сыртқа шығу туризмі саласында ҚР азаматтарының құқығын кепілдендіру Жүйесінің негізгі ережелерін түсіндіруге арналған брифингте «Туристік Қамкор» қорының төрайымы Инна Рей.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 14:32

«2014-2015 жылдары жауапсыз туристік нарық өкілдерінің кесірінен көп мөлшердегі ҚР турист-азаматтарының шет елдерде орналасатын орындарының ақысы мен кері қайтатын билеттері төленбей қалған. Енді осындай жағдайлар орын алатын болса «Туристік Қамқор» Корпоративтік қоры уақытша қалып қойған мемлекеттен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жөнінде шара қолданатын болады», - деді И.Рей.

Қазақстандық туристерді елге қайтару үшін арнайы есепшот ашылады. Ол туроператормен немесе әуе кемесін жалдаушы-туроператормен әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматына турагент арқылы сатылатын әрбір туристік өнімнен аударылған  - 0,5 АЕК (1 061 теңге) құралады.

«Осыған байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарының туристік өнім сатып алуда, туристік өнімді әзірлеген туроператормен және «Туристік Қамқор» корпоративтік қорымен арадағы бекітілген келісім туралы ақпараттардың болуын туристік компаниядан міндетті түрде анықтап алуларына ерекше назар аударамыз»,-деді М.Игалиев.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика