Өңірлер

Оңтүстік Қазақстанда 2016 жылы 174 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды

Шымкентте ОҚО тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область26 Желтоксан , 17:16

Жәрмеңкеге 30 астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, жалпы құны 96,3 млн.тг құрайтын 167 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері бар.  Өнімдер нарықтағы бағадан     15 – 20% дейін арзан сатылды.

ОҚО-да салалық «Агробизнес – 2020», «Сыбаға», «Алтын асық», Құлан» бағдарламалары жоғарғы деңгейде іске асырылуда.

  Ағымдағы қаңтар – желтоқсан айларына  ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 415,8 млрд.тг, нақты көлем индексі 103,0 % құрады. (Республикалық үлесі  12,2  %). Ауыл шаруашылығында негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 9,8 млрд.тг құрады (өсім 2,3  есе).

 Ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 12,8 мың га артып,  788,6 мың га. орналастырылды. Негізгі дақылдардың егіс көлемі дәнді дақылдар – 260,0 мың га, майлы дақылдар – 80,8 мың га, көкөніс – 40,4 мың га, бақша – 59,0 мың га, картоп - 15,3 мың га, мақта – 109,6 мың га және жеміс-жидек пен жүзім 30,0 мың га құрады.

 Биылғы жылы орташа есеппен – 676,0 мың тн. дәнді дақылдардан жиналды. Түсімділігі орташа 26,0 цн/га.  Сонымен қатар, 963 тн. - көкөніс, 1413 тн. - бақша, 277 мың тн. – картоп, 281,0 мың тн. – мақта, 125,8 мың тн. - жеміс-жидек және 64,2 мың тн. - жүзім жиналды.

 Жылыжайлар қосымша 96 га салынып, жалпы 1121 га. жетті (Республикалық үлесі 87 %). Бүгінгі күні осы жылыжайлар есебінен    160,0 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды.

 Мал шаруашылығында мал басы: Ірі қара малдың саны    4,3 %-ға (849,3  мың), қой мен ешкі  2,2%-ға (3888,7  мың), жылқы 8,8%-ға (232,3  мың), түйе 3,0%-ға     (23,4  мың), артты. Құс басы 98,2 % (2415,2  мың).

 Өндірілген өнім: Ет (тірідей салмақта) 3,2 %-ға (184,6 мың тонна), сүт  1,6%- ға (663,6  мың тонна), жұмыртқа 2,3%-ға (278,1  млн. дана) артты.

 «Сыбаға» бағдарламасымен 25,4 мың  бас  аналық сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 76,5 мың бас аналық ІҚМ қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 20,2 % жетті (республика бойынша 29,6%). «Алтын асық» бағдарламасымен 38,1 мың  бас  қой сатып алынып, тұқымдық түрлендіруге 211,7 мың бас аналық ІҚМ қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 12,3% жетті (республика бойынша -12,9 %). «Құлан» бағдарламасы аясында 3,5 мың бас жылқы алынды.

 Бүгінгі күні жаңадан 15,0 мыңнан астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 174 кооперативтер құрылды.

 2016 – 2017 ж.ж. барлық ауылдық округтерде кооперативтерді құру жоспарланып отыр. Бүгінгі күні облыста қайта өңдеу саласында 198 кәсіпорындар бар. Олардың 27 ірі кәсіпорындар санатына жатады.  Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 128,7 млрд.тг құрап, өткен жылдан 15,2 млрд.тг артып, нақты көлем индексі 104,6 % жетті.

 




Яндекс.Метрика