Инфрақұрылымның дамуы

Ақтауда 2017 жылы жаңа шағынаудан құрылады

Ақтауда 2017 жылы жаңа шағынаудан құрылады . Барлығы 6700 пәтер салынады деп жоспарлануда, бұл туралы сәулет-құрылыс кеңесінің отырысында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев мәлімдеді.
Маңғыстау26 Желтоксан , 15:49

Кеңес мүшелері «Град Сервис» ЖШС дайындаған, 19 шағынаудан құрылысы жобасын қарады.

Құрылыс аумағының жалпы көлемі 28,35 гектарды құрайды. Жобалаушылар, жобаны жасақтау барысында аймақтың ерекше ауа-райы жағдайын, инженерлік желілердің орналасуын, ыңғайлы кіреберіс жолдарының ұйымдастырылуын есепке алды.

Барлық шағынаудан оңтүстік жаққа қарай бағытталған. Барлық үйлер теңіз жағалауының көрінісін жаппау және солтүстік-батыстан соққан желден қорғау мақсатында сатылық құрылымынан тұрады. Барлығы 6700 пәтер салынады деп жоспарлануда. Әлеуметтік-маңызы бар жобалар – емхана, 1200 балаға арналған мектеп және 220 балаға арналған 4 балабақша тұрғындарға қолжетімді етіп орналастырылады, сондай-ақ, ыңғайлы жаяу жүргінші және кірме жолдары болады.

«Жобаны дайындағанда, шағынаудан тұрғындарға ыңғайлы болсын деп ескердік. Тұрғын үйлер эстетикалық сыртқы кескінін сақтау және теңіз көрінісін жаппау үшін әр түрлі қабаттылықта болады. Біз тұрғын үй ғимараттарын жаппай жобалауды қолдандық. Жоспар бойынша шағынаудан 10-12 мың адамға қарастырылған. Сондай-ақ, біз барлық шағынаудандарды біріктіретін жаяу жүргінші жол көлемін үлкейттік. Жолдарды жеңіл және өртке қарсы қызмет көліктері өтетіндей қылып дайындадық. Шағынауданаралық инженерлік желілерді, нөсерлі коммуникацияны, сыртқы сумен жабдықтау жүйесін нақты жобаны дайындағанда қарастырамыз», - деді Серікпай Мусин, жоба авторы, «Град Сервис» жобалау компаниясының директоры.

Көгалдандыру көлемі 81 372 шаршы метр, бұл шағын ауданның барлық аумағының 43 пайызын құрайды. Тұрғын үйлер мемлекеттік жекеменшік әріптестік есебінен салынады.

 




Яндекс.Метрика