ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Ақтөбеде 2016 жылы 2,8 млрд теңге сомасына 2 жоба іске асырылған

Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында 2016 жылы Ақтөбеде 2,8 млрд теңге сомасына 2 жоба іске асырылған.
Ақтөбе26 Желтоксан , 12:58

Ақтөбе облысының әкімдігінде хабарлағандай, 11 ай қорытындылары бойынша Ақтөбе қаласында өндірісті арттыру бойынша тұрақты жағдай қалыптасуда, көрсеткіштер өткен жылға қарағанда жоғары. Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында 2016 жылы Ақтөбеде 123 жұмыс орны ашылып, 2,8 млрд теңге сомасына 2 жоба іске асырылған.

Жалпы, соңғы жылдары мемлекеттік қолдау шараларының арқасында өңірде халықаралық стандарттарға сәйкес өнім шығаратын жаңа қуатты кәсіпорындар іске қосылған. Мысалы, рельс-арқалық өнімін шығару зауыты, Жаңажол газ өңдеу зауыты, ферроқорытпалар зауытының 4-ші цехы.  

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Ақтөбеде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3% артқан. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.

Есепті кезең ішінде облыстық орталықтың ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемі 168,2 млрд теңгені немесе 109,3% құраған. Мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Сыбаға» және «Алтын Асық» бағдарламалары бойынша жылдық жоспарлар артық орындалған.

Ағымдағы жылы барлық аудандық орталықтарды газдандыру аяқталған, қазіргі уақытта өңір тұрғындарының 87%-ы газбен жылытылады. Облыстық орталықта тұрғын үй көшелерін абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, оларды асфальт төсеммен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарылған. 




Яндекс.Метрика