Парламент

Сенат комитеті сотталған адамдарды беру туралы Иранмен келісімді ратификациялауды ұсынды

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 11:12

Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай,  2016 жылы 11 сәуірде Тегеранда қол қойылған Келісім Иран Ислам Республикасының соттары бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасының соттары бас бостандығынан айыруға соттаған Иран Ислам Республикасының азаматтарын одан әрі жазасын өздері азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін беру мәселелерін реттейді. Заң жобасы Сенат қарауына жіберілді.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика