Білім беру

Ақтөбеде алғаш рет Монтессори орталығы ашылды

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту үшін қажетті жаңа нысанның іске қосылуына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақтөбе26 Желтоксан , 12:13

«Бүгін Ақтөбеде маңызды нысан ашылып отыр. Әрбір баланың өзіндік бірегей мүмкіндігі бар. Соны дер кезінде анықтап, дамыту қажет. Бала тәрбиесін жас кезінен қолға алу керек деп бекер айтпаған. Осындай методика бізде 4 балабақшада қолданыста бар. Дегенмен облыс орталығындағы мамандандырылған орталық бірінші рет ашылып отыр. Өз тарапымыздан біз, мұндай жобаларды іске асыруға көмек көрсету үшін кез келген осындай жобаларды қолдауға дайынбыз», – деді орталықтың ашылуында сөз сөйлеген аймақ басшысы.

Орталық 500 м2 алаңға орналасқан және 75 орынға есептелген. Монтессори әдісімен сертификатталған оқытушылар бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға тәлім береді.

Орталық өкілдерінің айтуынша, негізгі мақсат - баланың тұлға ерекшеліктері мен дағдыларының қалыптасуына мүмкіншілік туғызу және де интелектуалдық, жеке бас қасиеттерімен физиологиялық дамуын жүзеге асыру. Яғни тәрбие және білім беру процесі үнемі қатар жүреді. Жұмыс жасау барысында баланың жасерекшелік психологиясы, даму процесінің психофизиологиялық заңдылықтары ескеріле отырып, әрбір балаға ерекше көзқараспен қарым - қатынас жасалады.

Сонымен қатар, бүлдішіндердің жан-жақты дамуы үшін, шахмат, ментальды арифметика, зумбакидс ойындары және қазақ, ағылшын тілдері үйретіледі.

Балалар Бердібек Сапарбаевпен әңгімелесу барысында психикалық арифметика бойынша шағын тест өткізді.

 




Яндекс.Метрика