Инфрақұрылымның дамуы

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 16 көпқабатты тұрғын үй салынады

Жаңақорған ауданында биыл өнеркәсіп өндірісінің өсімі 126,9 пайызды құрап, облыс бойынша аудан алғашқы орынға шықты. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Ғалым Әміреев мәлімдеді.
Қызылорда26 Желтоксан , 11:59

Оның айтуынша  биылғы жылдың 11 айында өнеркәсіп саласында 101645,2 млн теңгенің өнімі өндірілген. Бүгінгі күні индустрияландырудың өңірлік картасына ауданнан құны 1,747 млрд теңге болатын 4 жоба еніп отыр. Олар: қиыршық тас зауыттары «Қазпром – Қызылорда Компаниясы» ЖШС, «КДСМ Қыран» ЖШС, «УАД» ЖШС және томат өнімін өндіретін «Тату Агро» шаруа қожалығы. Сондай-ақ. жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін «СКЗ-U» ЖШС индустрияландырудың республикалық картасына енген.

2016 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша аудан бюджетінің жалпы  түсімі 99,6 пайызға орындарып, өз кірістерінің орындалуы 98,2 пайызды құраған. 

«Үдемелі индустрияландыру инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ауданда бірнеше жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Соның бірі 2017 жылы Жаңақорған ауданында 16 көпқабатты тұрғын үй салынатын болады. Қазірдің өзінде халықтан 300-400 пәтерге сұраныс түсіп отыр. Бұған кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған гранттық қаржыландыру шеңберінде 30 миллион теңге қарастырылған», - деді аудан әкімі. 

 




Яндекс.Метрика