Өңірлер

Ақмола облысында 2017 жылы нан қабылдау пункті іске қосылады

Ақмола облысының Жарқайың ауданында 2017 жылдың қарашасында жылына қуаттылығы 60 мың тонна болатын нан қабылдау пунктін іске қосады. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің аталмыш ауданға жасаған жұмыс сапары аясында мәлім болды.
Ақмола26 Желтоксан , 09:57

Әкімдіктің хабарлауынша, аймақ басшысы  «Арқа К» ЖШС кешеніне барды. Жобаның құны  150,0 млн теңгені құрайды. Кешен  тамыз айында қолданысқа берілді, 1 мың фракциялық тас-ұнтақ өндірісін беріп үлгерді.

«Облыс әкімі  «Алтын дән»  нан қабылдау пунктінің  құрылысымен танысты, оның қуаттылығы жылына  60 мың тоннаны құрайды. Нысанды пайдалануға беру  2017 жылдың қарашасына жоспарланған.  Биылғы жылы  сыйымдылығы  30 мың тонна болатын банкалар қойылды, сондай-ақ,  контордың қрылдысы бойынша жұмыстар жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ол Тәуелсіздік ауданындағы Мәдениет үйінің  қайта жөнделуін  тамашалады.  Айта кетерлігі, бұл мақсаттарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»  бағдарламасы бойынша  республикалық бюджеттен  91,0 млн теңге бөлінді.




Яндекс.Метрика