Халықаралық интеграция

Астана және Ташкент Қазақстанның БҰҰ ҚК мүшелік етуі кезінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды - ҚР СІМ

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырыстың Ташкентке сапары барысында Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесіп, өзінің өзбек әріптесі Абдулазиз Камиловпен келіссөздер жүргізуі аясында Астана және Ташкент Қазақстанның БҰҰ ҚК мүшелік етуі кезінде тығыз өзара іс-қимыл жасау туралы келісті.
Әлемде24 Желтоксан , 15:49

ҚР СІМ хабарлағандай, кездесудің негізгі тақырыптары екіжақты қатынастарды жандандыру және Орталық Азия Өңірінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау болды.

Е. Ыдырысов соңғы уақытта екі елдің экономикалық өзара іс-қимылын жандандыру, қазақ және өзбек кәсіпкерлері арасында тығыз байланысты реттеу, сауда, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісі, логистика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша Астана мен Ташкент қабылдап жатқан нақты қадамдар туралы айтып өтті.  

Өзбекстанның СІМ-де келіссөздер барысында тараптар ауқымды бағыттар тобы бойынша ынтымақтастықтың едәуір жанданғанын атап өтіп, өзара құрмет, сенім және түсіністік артқан кезде өңір елдері кез келген күрделі мәселелерді шеше алатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ тараптар шекара маңы және өңіраралық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру болашағын талқылады.

Жалпы, Ташкенттегі келіссөздер достық атмосферада өтіп, екі ірі мемлекет арасында әріптестік қатынастарды реттеудің оң динамикасын бекітуге мүмкіндік берді. 




Яндекс.Метрика