Өңірлер

ОҚО-да 60 орынға арналған балабақша ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында 60 орынға арналған "Ай-сәулет" балабақшасы ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область24 Желтоксан , 13:38

Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Исаев қатысып, бүлдіршіндердің қуанышымен бөлісті.  Жеке кәсіпкер Р. Сариева ашып отырған балабақаша жатын бөлме,  ойын залы,  медицина кабинеті бар.  

Балаларға білім беруге және тәрбиелеуге қажетті барлық жағдайлар жасалған балабақша 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Айта кету керек, жыл басынан бері Созақ ауданында 12 балабақша ашылған.  Онда 935 бала бөбекжаймен қамтылса, жалпы 178 жаңа жұмыс орыны ашылған. 




Яндекс.Метрика