Халықаралық интеграция

Шетелдік құрылыс компаниясы ОҚО-да жұмыс істеуге ынталы

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев түркиялық «OKAN Holding» президенті Бекир Оканмен кездесті, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Южно-Казахстанская область24 Желтоксан , 14:32

«OKAN Holding» – түрлі салада қызмет етіп келе жатқан үздік шет елдік компаниялардың бірі. Аталғанан холдинг зерттеу қызметі, құрылыс саласы, инвестиция бағыттарымен қатар білім, спорт, мәдениет салаларында да жемісті еңбек етіп келеді.

Еліміздің ірі қалаларында құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Астана қаласындағы халықаралық стандартқа сай қонақүй құрылысын 2 жылда аяқтаған. Сонымен қатар, фабрика, тұрғын үйлер және ойын-сауық орталықтарын салумен айналысады.  

Оңтүстікте түрлі бағыттарда жұмыс жасауға қызығушылық білдірген холдинг  пен ОҚО әкімдігі арасында құрылыс және білім салаларына қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.




Яндекс.Метрика