Инвестициялар

Астананың негізгі капиталына негізгі инвестициялар көлемі 1,2% өсті

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2016 жылғы қаңтар-қараша аралығында 712926,8 млн теңгені құрап, 1,2% өскен, деп хабарлады қаланың статистика департаменті.
Нұр-Сұлтан26 Желтоксан , 09:12

Инвестициялар үлесінің ең көп бөлігін жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар игерген, бұл олардың жалпы көлемінің 74,5%-ын құрайды.

2016 жылғы қаңтар-қараша аралығында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 712926,8  млн теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-қараша аралығымен салыстырғанда 1,2% жоғары. Астананың республикалық көлемдегі үлесі 10,8% құрады.

Қаржыландыру көздері бөлінісінде мемлекеттік бюджет қаражаты - 25,9%, кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты - 59,3%, банктердің несиелері - 1,2 %, басқа қарыздар 13,6% құрайды.




Яндекс.Метрика