Білім беру

ҚТЖ «Магистраль» салалық бағдарламасы бойынша оқытуға 20 грант бөлді

Көлік саласының болашақ мамандары ағымдағы жылы «Магистраль» салалық бағдарламасы бойынша жиырма грант пен он атаулы стипендияға ие болды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.
Казахстан24 Желтоксан , 15:13

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президентінің атаулы стипендиялары және ерекше гранттар жыл сайын бөлінеді, оларды саладағы талап етілетін мамандықтар бойынша білім алатын колледждер мен жоо-ның үздік студенттері алады. Гранттардың басым көпшілігін Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы мен оның колледждерінің студенттері иеленді», - делінген хабарламада.

Компанияда өндірістің ағымдағы және болашақ қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды даярлауға жоғары көңіл бөлінеді.

Атап өтейік, аталған бағдарлама гранттары бойынша 130-дан астам жас маман білім алған. Осы уақыт ішінде, бұдан бөлек, 60 атаулы стипендия берілген. Осы ретте Компанияның шағын станциялары мен разъездерінде, айдау пункттерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің балалары 40 гранттың иеленушісіне айналды. Грант иеленушілердің қатарында өндірісте мүгедектік алған жұмысшылардың да балалары бар.

Бұдан бөлек, білім беру гранттары студенттерге ғана емес, сонымен қатар, Компания үшін басым мамандықтар бойынша күндізгі және сырттай бөлімде білім алатын Компания қызметкерлеріне де беріледі. Мысалы, биылғы жылы ҚТЖ 18 қызметкері «Көлік құрылысы», «Автоматтандыру және басқару», «Көліктегі логистика», MBA, DBA мамандықтары бойынша магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алу гранттарын жеңіп алды. 




Яндекс.Метрика