Инфрақұрылымның дамуы

Астанада тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысына 343 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды

Астанада жыл басынан бері тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысына 343332,5 млн теңге қаражат жұмсалды, деп хабарлады қаланың статистика департаменті.
Нұр-Сұлтан24 Желтоксан , 11:14

2016 жылғы қаңтар-қараша аралығында Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 497698,0  млн теңге сомасына құрылыс жұмыстарын (қызметтерін) орындаған. Оның 53,8%-ын – жеке мердігерлер орындаған құрылыс жұмыстары, 46,1%-ын – шетелдік мердігерлік ұйымдар орындаған жұмыстар, 0,1%-ын мемлекеттік мекемелердің жұмыстары құрайды.

Құрылыс жұмыстарының құрылымында жалпы көлемнің 98%-ын – құрылыс-монтаж жұмыстары, 1,2%-ын - күрделі жөндеу жұмыстары, 0,8%-ын ағымдағы жөндеу жұмыстары құрайды.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде едәуір үлесті тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысы бойынша жұмыстар алады, олар 343332,5 млн теңгені құрады (69%), 44368,5 млн теңге (8,9%) электротехникалық, слесарьлық және басқа құрылыс-монтаж жұмыстарына игерілген. 




Яндекс.Метрика