Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

М.Өтешев: Мемлекеттік қызметке жеке меншік секторында жұмыс өтілі бар қазақстандықтар түсе алады

Қазір мемлекеттік қызметке мемлекеттік емес ұйымдарда, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарда жұмыс өтілі бар азаматтар түсуге құқылы, деді Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Мақсұт Өтешев ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 17:58

М. Өтешев «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес, мансаптық модель негізінде мемлекеттік аппаратты одан әрі кәсіптендіру бойынша шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.

Брифингте Мақсұт Өтешев мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын  біліктілік талаптары мәселелеріне түсіндірме берді.

Біліктілік талаптары әрбір мемлекеттік органмен дербес жасалады және міндетті түрде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен келісуге жатады. Біліктілік талаптары барлық мемлекеттік лауазымдарға білімі, еңбек өтілі және құзыреттілігі бойынша бірыңғай талаптар орнатады.

«Қазір мемлекеттік қызметке мемлекеттік емес ұйымдарда, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарда жұмыс өтілі бар азаматтар түсуге құқылы», - деді М. Өтешев.

Мемлекеттік қызметке үміткерлердің біліктіліктік талаптары мемлекеттік қызметтегі жаңа тәсілдердің енізілуімен жетілдірілуде.

Аталған сараптаманың негізінде, ендігі кезекте әскери қызметінде, Парламент пен мәслихат депутатының мәртебесіндегі, сот және халықаралық қызметкерлері мәртебесіндегі жұмыс өтілі ескерілетін болады.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика