Басқару

Е.Ахметов: 500 мың ауыл шаруашылығы ЖҚШ мен шаруа қожалығы еліміздің ішкі нарығын қамтамасыз етеді

500 мың ауыл шаруашылығы ЖҚШ мен шаруа қожалығы еліміздің ішкі нарығын қамтамасыз етеді, деді ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директоры Е. Ахметов ОКҚ брифингінде.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 17:39

Департамент директоры Е. Ахметов мал шаруашылығындағы өзгерістерді баяндады.

Айталық, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артады. Бұған қол жеткізу үшін елдік ауқымдағы жем балансы әзірленіп, қоспа жем көлемі 1,3 млн. тоннаға артпақ және құрама жем зауыттарының жүктелімі 48%-дан 80%-ға дейін ұлғаяды. Сондай-ақ, суармалы жайылымдар аймағы 18 млн. га ұлғаймақ.

Жалпылай алғанда, жаңа Бағдарламаны іске асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды 1,3 есеге арттырып, жалпы сомасы 3,3-тен 4,3 трлн. теңгеге өспек.

Атап айтқанда, еңбек өнімділігі 50%-ға артып, 1,2 млн.-нан 1,9 млн. теңгеге жетпек және де 500 мың ауыл шаруашылығы ЖҚШ мен шаруа қожалығы кооперативтер арқылы өнім жылжыту жүйесіне тартылмақ, ауыл шаруашылығы өндірушілерін мемлекеттік қолдаудың көлемі 7 есеге артпақ.

Ал ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелімі 1,3 есеге артады. Салаға тартылатын жеке инвестициялар көлемі 3 есеге артып, 427 млрд. теңгеге жетпек.

Айта кететін жайт, жаңа бағдарлама бүгінге дейін бекітілген бюджет шеңберінде жүзеге асырылады. Яғни мемлекеттен қосымша қаржы талап етпейді.

 




Яндекс.Метрика