«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақтөбеде жыл соңына дейін 580 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек (ФОТО)

11 ай қорытындылары бойынша Ақтөбеде өндірісті арттыру бойынша тұрақты жағдай қалыптасып келеді, көрсеткіштер өткен жылға қарағанда жоғары, деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық орталық тұрғындарымен кездесу барысында.
Ақтөбе 23 Желтоксан, 18:23

Ол индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында 2016 жылы Ақтөбеде 2,8 млрд теңге сомасына 2 жоба іске асырылғанын атап өтті.

«Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Ақтөбеде тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3% өскен. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті әкім.

«Президент қалыптасқан экономикалық жағдайға қарамастан, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол бермеу міндетін қойды. Бүгінгі күні біздің алдымызға қойылған барлық негізгі міндеттер орындалды деп айтуға болады. Жалпы,облыстағы және қаладағы жағдай тұрақты. Әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалуда», - деді Б. Сапарбаев.  

Сонымен бірге, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы белсенді іске асырылуда, оның арқасында жыл соңына дейін 580 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5 мың отбасы қоныс тойын тойламақ. 





Яндекс.Метрика