Қалаларға шоғырлану

Астанада екі проблемалық нысан пайдалануға берілді

Тұрғын үй құрылысы нысандарын аяқтаумен байланысты проблемалық нысандар Астана қаласы әкімдігінің тұрақты бақылауында, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 19:32

Осы бағыттағы жұмыстар Астана қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) жұмысы аясында жүргізіледі.

ВАК-пен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, «Айсанам» ТК және «Тұмар» ТК салушыларына рұқсат құжаттарын алу, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру бойынша құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетілді.

Қазіргі кезде «Азбука жилья» компаниялар тобының проблемалық нысандарының тізіміне енгізілген «Айсанам» ТК және «Тұмар» ТК тапсыру туралы қол қойылған акті қолда бар.

Аталған нысандардағы 920 пәтердің инвесторлары тұрғын үйге жеке меншік құқығын рәсімдей алады.

Барлық проблемалық нысандар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

 




Яндекс.Метрика