Басқару

ҚР Президенті Жер кодексіне өзгерістер енгізуге мораторий жариялау туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Нұр-Сұлтан23 Желтоксан , 15:56

Заң жер заңнамасының кейбір нормаларының қолданылуына мораторийді 2021 жылға дейін ұзартты, деп  хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.




Яндекс.Метрика