Өңірлер

Қостанай облысында ерекше балаларға арналған түзету кабинеті ашылды

Қостанайда қабілеті жоғары балаларға арналған психоло-педагогикалық кабинеттің салтанатты ашылуы өтті.
Қостанай23 Желтоксан , 11:23

Кабинет  Қостанай  облысының әкімдігі  мен «Дара» қорының қолдауымен «Бірдейміз бәріміз: Инклюзивтік білім беруді қолдаймыз»   жобасы аясында ашылды.

Салтанатты ашылу шарасына  облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, «Дара» қорының жетекшісі Гүлнар Досаева, жоба меценаты Гүлнара Жөкебаева, үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері қатысты.

«Біздің мақсатымыз – инклюзивтік қоғамды ілгерілету.  Біз Түзету орталықтарын ашып, балалардың білікті мамандардан сабақ алуына мүмкіндік жасаймыз», - деді Г.Досаева.

Қазіргі таңда Қостанай облысында  қажеттілігі ерекше  10 мың бала өмір сүріп жатыр.

«Егер де  25 жыл бұрын тек бір ғана  облыстық психолого-педагогикалық консультация болса, қазір олардың саны 15-ке жетті. Біз бүгін тағы бір кабинетті аштық. Қор мен меценаттарға игі істе сәттілік тілегім келеді», - деді облыс әкімдігі.

Өңір басшысы кабинеттің ашылуына орай арнайы қондырғы сатып алу үшін  1 млн теңгенің сертификатын табыстады. 




Яндекс.Метрика