Евразиялық одақ

ЕАЭО-да жалған медициналық бұйымдардың айналымына қарсы іс-қимылдың бірыңғай тәртібі белгіленді

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын медициналық бұйымдардың, сапасыз, контрафактілі немесе жалған медициналық бұйымдардың қолданылуын тоқтата тұру немесе оған тыйым салу және оларды Одақ елдеріндегі айналымнан алу шараларын қолдануы тәртібін бекітті.
Әлемде23 Желтоксан , 10:59

Құжат аталған шараларды, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттері уәкілетті органдарының оларды қолдануы тәртібін айқындайды. Бұл Одақта қауіпсіздік пен тиімділіктің белгіленген жалпы талаптарына сәйкес келетін медициналық бұйымдардың айналымын қамтамасыз ету үшін қажет.

Тәртіп уәкілетті органның ықпалдастырылған ақпараттық жүйе құралдарын қолдану арқылы Одаққа мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарына медициналық бұйымның қолданылуын немесе айналымнан алынуын тоқтата тұру, оған тыйым салу себептері мен мерзімі туралы хабарлайтынын көздейді.

Құжат ЕАЭО азаматтарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, пациенттердің және медициналық бұйымдарды тұтынушылардың, денсаулық сақтау жүйесі мекемелері қызметкерлерінің мүдделерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ медициналық бұйымдарды өндірушілерді жасанды бұйымдардан қорғауға бағытталған.




Яндекс.Метрика