Басқару

Н. Назарбаев ЕЭК алқасының төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянды қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 18:36

Кездесуде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібіндегі жайттар талқыланды.

2016 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалығы барысында еуразиялық интеграцияны одан әрі жалғастыру мәселелеріне қатысты бірқатар маңызды құжаттар әзірленді, аталған мәселелер алдағы отырыста қарастырылатын болады. Олардың қатарында көлік саясатын бірлесе үйлестіру, кеден заңнамасы, электр энергетикасының ортақ нарығын қалыптастыру мәселелерін атап өтуге болады.




Яндекс.Метрика