Білім беру

БҒМ: Қазақстан мектептерінің 76 пайызы интернетпен қамтылған

Қазақстан мектептерінің 76 пайызы интернетпен қамтылған, деді Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Эльмира Суханбердиева ОКҚ-да өткен баспасөз отырысында.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 18:57

«Мектептерді Дүниежүзілік ғаламтор желісіне қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Кеңжолақты ғаламтормен қамтамасыз ету мектептердің 76% құрайды. 2001 жылы 1 компьютерге 62 оқушы келсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 1:11 құрайды. Мектептерде «Онлайн оқыту жүйесі» жобасы енгізілуде», - деді Э.Суханбердиева.

Республикада әр төртінші оқушы қосымша білім берумен қамтамасыз етіледі, балаларды қамту 389 мың балаға ұлғайды және 673 мың адамнан асады.

2013 жылы Астана қаласының Оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдерге арналған Ұлттық интерактивтік саябақ ашылды.

Қайрат Жандыбаев 

 




Яндекс.Метрика