Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

БҚО-да 10 жыл ішінде 146 мың жұмыс орны ашылды

Соңғы 10 жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында 146 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, деп хабарлады әкімдік.
Батыс Қазақстан23 Желтоксан , 08:53

Тәуелсіздік жылдары ішінде облыста жалпы өңірлік өнім 1 млрд теңгеден 1 триллион 700 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Сонымен бірге, өнеркәсіптік өнім көлемі 3 мың есе – 400 миллион теңгеден 1 триллион 300 миллион теңгеге дейін өскен.

«Біз қолайлы инвестициялық климат жасау бойынша үлкен жұмыс жасадық. Өңірге инвестициялардың 80%-дан астамын жеке меншік секторы құрайды, барлығы 3 триллион 25 миллиард теңге инвестиция тартылды. Сондай-ақ облыста шағын және орта бизнес дамитынын атап өту қажет», - делінген хабарламада.

Осы ретте өндірілген өнім көлемі жалпы өңірлік өнім көлемінің 40%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығында тәуелсіздік жылдары ішінде жалпы өнім өндірісінің көлемі 6,8 млрд теңгеден 106,5 млрд теңгеге дейін 15 есе өскен.




Яндекс.Метрика