Білім беру

Оралда Оқушылар сарайы ашылды

Оралда барлық секциялар тегін болатын жаңа Оқушылар сарайы ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Батыс Қазақстан22 Желтоксан , 20:24

Айта кетейік, аумағы 16,2  мың шаршы метр ғимаратта шығармашылық, дизайн, сәулет, йога, аэробика, кеме мен әуе құрылғыларын жасау және фотоөнерге баулитын бөлмелер бар.

Әдебиет, химия, физика, математика, тіл сыныптары, әскери-патриоттық клуб, экология, өлкетану үйірмелері де жұмыс істемек. Бұл үйірмелердің бәрі оқушылар үшін тегін.

Сондай-ақ мұнда жүзу бассейні мен мұзайдыны да бар.

 




Яндекс.Метрика