Парламент

Сенат бірқатар заң жобаларын қабылдады

Сенат Парламент Палаталарының отырысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен пробация, дактилоскопия қарсы барлау қызметі туралы, волонтерлік қызмет туралы заң жобаларын қабылдады.
Нұр-Сұлтан 22 Желтоксан, 16:42

Заң жобасы пробация институтын одан әрі жетілдіруге, атап айтқанда осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуге және пробация ұғымдарын, қағидаттарын, субъектілердің құзыреттері мен фунцияларын, осы қызмет пен пробацияға жататын адамдардың мәртебесін айқындауға бағытталған,

Комитет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

Заң жобасымен Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заңына, қолданыстағы заңнамаларды «Пробация туралы» заң жобасына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізіледі.

 Отырыста «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасы да талқыланды. Жоба 16 жасқа толған және Қазақстан Республикасының паспортын және жеке куәлігін алуға үміткер азаматты 2021 жылдан бастап міндетті түрде дактилоскопиялық тіркеуге алуды көздейді.

Атап айтқанда, паспорттар мен жеке куәліктердің электрондық таспасына адамның саусақтары мен алақанының папиллиярлық өрнектер ерекшеліктері туралы мәліметтерді енгізу жоспарланып отыр.

 Қылмыстың жекелеген түрлері бойынша сотталған адамдардың, танылмаған мәйіттердің биологиялық материалдары, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында ашылмаған ауыр және өте ауыр қылмыстар болған жерлерде анықталмаған адамдардан алынған биологиялық материалдары геномдық тіркеу барысында міндетті түрде таңдап алу енгізіледі.

 Одан басқа отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасының негізгі мақсаттары қарсы барлау қызметінің тиімділігін арттыру үшін ұйымдық-құқықтық жағдайлар жасау және қарсы барлау органдарының қызметінде заңдылық кепілдіктерін қамтамасыз ету болып табылады.

 Осы мақсаттарды іске асыру үшін заң жобасында қарсы барлау қызметінің міндеттері мен қағидаттары, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін ұлттық қауіпсіздік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің және Сыртқы барлау қызметінің (сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган) міндеттері мен құқықтары белгіленген.

Заң жобасында Қазақстан Республикасы Президентінің қарсы барлау қызметінің негізгі бағыттары мен басымдықтарын айқындау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың жұмысын бақылау жөніндегі өкілеттіктері көзделеді. Қарсы барлау іс-шараларының тізбесі және оларды жүргізудің негіздері айқындалған.
 

 





Яндекс.Метрика