Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Иран терроризммен бірлесе күресуге мүдделі

Қазақстан мен Иран терроризммен бірлесе күресуге мүдделі. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесудің қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 15:07

«Өз келіссөздерімізде өңірдегі проблемалар мен дағдарысқа назар аудардық.  Оның ішінде терроризммен күрес  саласында қалай ынтымақтасуымызды қарастырдық.  Бүгінде Ирак пен Сирияда  барлық әлемді алаңдатып отырған жағдайлар орын алып жатыр. Біз барлығымыз бірігіп, тұрақтылық пен  қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек», - деді Х.Рухани.

ҚР Президенті аталмыш бастаманы  қолдап, қауіптермен күресу бойынша  күштерді біріктіріп, терроризм мен джихадшылықты таратпауға тырысу қажеттігін атап өтті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика