Өңірлер

Оралда 144 отбасы пәтерге ие болды

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 144 отбасы пәтерге ие болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Батыс Қазақстан22 Желтоксан , 19:23

«Тұрғын үй құрылысын «СВ Плюс» ЖШС екі жыл бұрын бастаған болатын. Елбасының «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылысқа республикалық бюджеттен 1,1 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Тұрғын үйдің жалпы ауқымы – 10 мың шаршы метр. 144 пәтердің 72-сі баспана кезегінде тұрғандарға берілсе, жартысы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» салымшыларына арналған», - делінген хабарламада.

Тұрғын үй кезегін азайту, инфрақұрылым желісін дамыту мақсатында алдағы уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы іске қосылады, – деген облыс басшысы үй құрылысын сәтті жүргізген мердігер-компания басшысы мен жұмысшыларына ризалық білдірді.

Салтанатты шарада пәтер иелеріне баспана кілттері табысталды.Өз кезегінде тұрғындар да Елбасыға, облыс пен қала әкімдеріне, құрылысшыларға алғыс айтты.




Яндекс.Метрика