Халықаралық интеграция

Қазақстан және Иран басшылары визалық режимді оңайлату туралы келісті

Қазақстан және Иран президенттері визалық режимді оңайлату және туризмнің дамуын ынталандыру жұмысын бастау туралы келісті. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханидің сапарына байланысты Ақордада өткен баспасөз конференциясында айтты.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 14:23

«Тау-кен металлургиясы саласында тиімді өзара іс-қимыл орнату. Қарағанды облысында ирандық компанияларымен бірлесіп, мыс кен орнын игеру жұмысы басталды. Иран тарапы геологиялық-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қызығушылық танытты. Біз оны қолдаймыз. Менің Тегеранға сапарымнан кейін Алматы мен Тегеран арасында аптасына үш рет ұшатын рейс іске қосылды, оның жүктелуі 65% құрайды, сондай-ақ Астана және Тегеран арасында әуе қатынасын іске қосу жоспарланып отыр», - деді Н. Назарбаев.

ҚР Президенті визалық режимді оңайлату, сондай-ақ туризмді дамытуды ынталандыру бойынша нақты әрекеттерді бастау қажет екенін атап өтті.

«Иран ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады және баламалы энергия саласындағы өз жетістіктерімен таныстырады», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президенттің айтуы бойынша, елдердің көшбасшылары өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.  

«Біз исламнан қорқуды тарату, біздің діндерімізді терроризммен және джихаддизммен байланыстыру сияқты қауіп-қатерлер жолында күш біріктіру туралы келістік. Біз халықаралық терроризмге, экстремизмге және қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы күрес жолында тығыз ынтымақтастық орнату туралы да келістік», - деп қосты ҚР Президенті.

Мемлекет басшылары БҰҰ, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Азия кеңесі, ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде екі елдің саяси өзара іс-қимылын нығайту, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында Иранның  өзара іс-қимыл жасауға ұмтылуы туралы келісті.

«Біз өз тарапымыздан осы ұмтылысты қолдауға дайынбыз. Барлық талқыланған мәселелер бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілді. Осының барлығы біздің көзқарастарымыз бен ұстанымдарымыздың ұқсас екенін және біздің өзара мүдделі екенімізді көрсетеді», - деп қосты Н. Назарбаев.

Жалпы, Қазақстан Президенті атап өткендей, елдер арасында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін үлкен мүмкіндіктер бар.  

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика