Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Иран Президенттері сауда-экономикалық қарым-қатынастың нығаюын талқылады

Қазақстан мен Иран сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтудың мәселелерін талқылады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханидің сапары бойынша өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 13:54

«Иран – Қазақстанның Тәуелсіздігін алғашқы болып таныған елдердің бірі.  16 желтоқсанда (1991 жыл) тәуелсіздік туралы жарияладық, ал 29 қаңтарда  екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

Қазақстан үшін мұсылман әлеміндегі ең маңызды әріптес және Каспий жағалауындағы тату көрші. Біз сіздерді дос деп санаймыз. Сіздің кейінгі кездегі ядролық мәселені шешуге сіңірген зор еңбегіңізді Қазақстан халқы өте жоғары бағалайды. Бұл мәселе жөнінде көп еңбек сіңірдіңіз. Дүниежүзінде сіздің бұл жұмысыңыз жоғары баға алды. Міне сізді осы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша,  ИИР көшбасшысымен  екіжақты байланысты дамыту талқыланды.

«Қазақстан-Иран диалогының кеңейту оңтайлы көрсеткішке ие болуда. Келіссөздер аясында  сауда-экономикалық қарым-қатынастың нығаюына  аса назар аударылып отыр. Екі елдің барлық әлеуетін қолдану арқылы  логистикалық саланы дамыту қарастырылуда: Қазақстан-Түрікменстан – Иран  темір жолы өңірдегі  тиімді   көліктік-коммуникациялық  жүйе атанды.Логистикалық орталық пен контейнерлік терминалдардың  құрылысы бойынша бірлескен жұмыс басталды», - деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы бүгінгі таңда ирандық  компаниялар 480 млн доллардың ауыл шаруашылық жобаларын жүзеге асырып жатқандығын айтты.  Н.Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан тек астықты ғана емес,  май, күріш және рапс өнімдерін  экспорттауға дайын.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика