Халықаралық интеграция

Иран Президенті Қазақстанды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында қазақ халқын Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 12:59

«ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Сізді және Қазақстан халқын құттықтаймыз. Біз Каспий теңізі бойынша көрші әрі мұсылман елдері болып табылатын екі ел арасындағы достық және бауырлас қарым-қатынастардың жалғасын қолдаймыз», - деді Х. Рухани.

Иран көшбасшысы қалыптасқан тарихи қатынастарды атап өтті.

«Сіз, халықаралық аренадағы және өңірлік форматтарда иран халқына үнемі қолдау көрсетесіз. Осы сапар біздің қарым-қатынастарымызды дамытуға кедергі жасайтын тосқауылдарды жоюға ықпал етеді деп сенеміз», - деп қосты Х. Рухани.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика