Энерготиімділік

Астанада бірқатар энергонысандардың пайдалануға берілуі 4 млн шаршы метр баспананы жылумен қамтамасыз етті

Биылғы жылы елордалық энергетиктер бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып, нəтижесінде Астанада жылу қуаты 220 Гкал/сағ.-қа өсті.Энергия көздері бойынша жалпы өсім осы жылы 400 Гкал-ды құрады. Бұл 4 млн. шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бұл туралы бүгін Астана қаласының əкімі Əсет Исекешев ЖЭО-2 қазанагрегаттарын салтанатты түрде іске қосу кезінде мəлімдеді.
Нұр-Сұлтан 22 Желтоксан, 15:58

«Астанада ұзындығы 24,8 км болатын  4 қосылым жылу магистралінің құрылысы аяқталды. Ол «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған нысандармен қатар «Мыңжылдық» аллеясы, жаңа темір жол вокзалы және қаланың оңтүстік-шығыс аудандарын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті әкім.

Оның айтуынша, бұған қоса жаңа энергия көзі ЖЭО-3, ұзындығы 15,4 км болатын  жылу магистралінің 5 қосылымы (ЖЭО-3-тен қаланың сол жағалауына дейін) құрылыстары, сонымен қатар аталған жылу желілерінің өткізу қабылетін арттыратын 10 жылу магистралін қайта құру жұмыстары жалғасуда.

«Жаңажол», «Керамика» аралық станцияларын, барлығы 70 таратқыш бекет пен трансформаторлық аралық станцияларды қайта құру жұмыстары, жаңа «Бәйтерек», «Тұран», «Самал» аралық станцияларының құрылыстары аяқталуға жақын.

Қала әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, аталған жобаларды жүзеге асыру «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі нысандарын, жаңа темір жол вокзалы, «Кәсіпқор» әлемдік деңгейдегі колледжі, Интернациональный кенті, «Жасыл орам» ТК, ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлер мен елорданың басқа да нысандарын электрмен жабдықтауға мүмкіндік береді.





Яндекс.Метрика